
Медициналық қызметтердің ауқымды түрлерін көрсететін мамандандырылған заманауи медицина орталығы.
Медициналық қызметтердің ауқымды түрлерін көрсететін мамандандырылған заманауи медицина орталығы.
«Керуен-Medicus» және жаңа филиал – бұл ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы мен медициналық сервистің деңгейі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи медициналық орталықтар. Бүгінгі күні «Керуен-Medicus» - бұл «Керуен» холдингінің медициналық бағытының оңтайлы ұйымдастырылуы мен даму бағыты.
«Керуен-Medicus», өзінің жұмысын кішігірім медициналық мекеме ретінде бастап, жаңа жабдықтар паркін сатып алуға және оның дамуына қомақты қаржы сала отырып, зор қарқынмен дамуда. 2018 жылдың 1 желтоқсанында Алматы қаласында Әди Шәріпов көшесі, 62 мекенжайы бойынша «Керуен-Medicus» көпфункционалды медициналық орталығының жаңа филиалы ашылды. Медициналық орталықтарды жабдықтау консервативті және хирургиялық диагностика мен емдеудің кең спектрін өткізуге мүмкіндік береді.
Бізді - сапа, жайлылық және қауіпсіздік олар үшін маңызды болып табылатын адамдар таңдайды. Олар «Керуен-Medicus» клиникасында өздерінің барлық жеке ерекшеліктері мен талаптарының ескере отырып қызмет көрсететілетінін білетін барлық жастағы емделушілеріміз мен клиенттеріміз. Өзіміздің 18 жыл қызмет атқаруымыз барысында, бізді жақындарына, достары мен туғандарына ұсынатын отбасылық клиника болдық, бұл, біз үшін жұмысымыздың жоғары бағасы болып табылады.